×

Түркістан облысында деструктивті діни ағымның өкілдері ұсталды

Оларға қатысты тиісті процессуалдық шешім қабылданатын болады

 Динара Амантай 29.09.2023 | 10:55
Фото: polisia.kz

Түркістан облысында халықаралық іздеуде жүрген деструктивті діни ағымның өкілдері ұсталды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, 2021 жылдан бері халықаралық іздеуде жүрген 54 жастағы Өзбекстан азаматы Отырар ауданында ұсталған. Ер адам өз елінде «Ұрлық» бабы бойынша көзделген ауыр қылмыс жасағаны үшін іздестірілген.

Бір тәуліктен кейін алаяқтық жасағаны үшін халықаралық іздеуде жүрген Өзбекстанның 33 жастағы тағы бір азаматы ұсталды. Іздеуде жүрген екі қылмыскер де деструктивті діни ағымның өкілдері ретінде есепте тұр. Оларға қатысты тиісті процессуалдық шешім қабылданатын болады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама