×

Жетісу облысында жол апатынан бір адам қайтыс болды

Жол-көлік оқиғасының мән-жайы анықталып жатыр

 Динара Амантай 26.09.2023 | 13:45
Фото: Halyq Uni

Жетісу облысында жол апатынан бір адам қайтыс болды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, қайғылы оқиға Ақсу ауданындағы Көлтабан – Матай тас жолында болған. Ауылдық жолдың 50-шақырымында Mitsubishi Montero Sport көлігінің 63 жастағы жүргізушісі көлік тізгініне ие бола алмай, аударылып кетті. Оқиға орнынан 2 ер адам ауруханаға жеткізілді. Олардың біреуі ауруханада көз жұмды.

ҚР ҚК-нің 345-бабына сәйкес тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Жол-көлік оқиғасының мән-жайы мен жүргізушінің рөлді басқара алмай қалуының себебі анықталып жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама