×

Қазақстанда балалардың 20 пайызы артық салмақтан зардап шегеді – Ажар Ғиният

Министр шылым шегетін ересектер мен энергетикалық сусынға құмар жасөспірімдер туралы айтты

 Дәурен Ерболат 26.09.2023 | 11:00
Фото: unicef.org

Қазақстандағы жасөпірімдердің 17,5% энергетикалық және тәтті сусындар ішеді. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Үкімет отырысында ведомство басшысы медицина саласындағы мәселелерге тоқталды.

«Медициналық кадрларға деген қажеттілік азайғанына қарамастан мәселе әлі өзекті. Бұл көрсеткіш Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Батыс Қазақстан облыстарында басым.

Сондай-ақ медициналық объектілердің инфрақұрылымы әлі де жеткіліксіз. Бүгінде 200-ден аса ауылда медициналық объектілер жоқ. Ғимараттардың тозуы – 56%. Медициналық техникамен жарақтандыру – 50%», - деді Ажар Ғиният.

Министр кейбір қазақстандықтар салауатты өмір салтын ұстанбайтынын атап өтті.

Халықтың салауатты өмір салты дағдысын қалыптастыру мәселесі бар. Елімізде ересектердің 21% темекі тартады, балалардың 20% артық салмақтан, ал 6% семіздіктен зардап шегеді. 11-15 жастағы балалардың тұрақты түрде вейп шегетіндер – 10%, энергетикалық және тәтті сусындарды ішетіндер – 17,5%, артық салмақтың болуы – 15%, - деді ол.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама