×

МӘМС жүйесінде 3 миллионнан астам қазақстандық сақтандырылмаған – ДСМ

5,6 мың нысанда халыққа медициналық көмек көрсетіледі

 Дәурен Ерболат 26.09.2023 | 10:27
Ажар Ғиният, фото: Halyq Uni

Қазақстанда Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде сақтандырылмаған 3 миллионнан астам адам бар. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиниятқызы айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

«Бүгінде медициналық санитарлық алғашқы көмек денсаулық сақтау жүйесіндегі негізгі қызметтің бірі. Оны еліміздің барлық халқын қамтитын 5617 объект көрсетеді. Оның жұмысының негізгі принципі – отбасылық қызмет көрсету, аумақтық қолжетімділікті қамтамасыз ету. Осы салада өзекті мәселелер бар. Мысалы, медициналық көмектің толық қолжетімділігін қамтамасыз ету. Бұл мәселелер бойынша халықтан түсетін шағымның ең көбі Астана, Алматы қалалары мен Ақмола, Атырау облыстарына тиесілі», - деді министр Үкімет отырысында.

Сондай-ақ МӘМС жүйесінде әлі сақтандырылмағандар да бар.

МӘМС жүйесінде 3 млн-нан аса қазақстандық сақтандырылмаған күйінде қалып отыр. Олардың ең көп саны – Жетісу, Алматы, Жамбыл облыстары мен Шымкент қаласында, - деді Ажар Ғинитқызы.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама