×

Ақтөбе облысында заңсыз интернет-казино ұйымдастырғандар тергеліп жатыр

Сонымен қатар кәмелетке толмағандарды заңсыз ойын бизнесіне тарту фактілері тексерілуде

 Динара Амантай 22.09.2023 | 11:46
Фото: Halyq Uni

ҚМА Ақтөбе облысы бойынша департаменті заңсыз ойын бизнесін онлайн форматта ұйымдастырған 3 адамға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдарын жүргізіп жатыр, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Агенттіктің мәліметінше, ұйымдастырушылар Қазақстан аумағында тыйым салынған сайттарға сілтеме мен біржолғы логин және пароль беріп, ойыншылардан банк қосымшасы арқылы ставкалар қабылдаған. Осылайша, олар ойыншыларға нақты ұтыстар бере отырып, тиісті лицензиясыз құмар ойын түріндегі заңсыз қызмет көрсеткен.

Алдын-ала есеп бойынша, заңсыз қызметтен түскен қаржы айналымының жалпы сомасы 490 млн теңге болды. Ойыншылар саны – 800 адамнан асады. Сонымен қатар кәмелетке толмағандарды заңсыз ойын бизнесіне тарту фактілері тексеріліп жатыр. Жүргізілген тінту нәтижелері бойынша заңсыз ойын қызметіне қатысты заттар мен құжаттар, сондай-ақ ақшалай қаражат табылып, тәркіленді, – делінген хабарламада.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. ҚР ҚПК-нің 201-бабы тәртібімен тергеу мүддесіндегі өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама