×

Өзбекстанда іздеуде жүрген ер адам Талдықорғанда ұсталды

Ол аса ірі көлемде алаяқтық жасаған

 Динара Амантай 22.09.2023 | 10:35
Фото: Halyq Uni

Өзбекстанда іздеуде жүрген ер адам Талдықорғанда ұсталды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, Талдықорған қаласында облыстық полицияның жедел уәкілдері мемлекетаралық іздеуде жүрген 31 жастағы шетелдік азаматтың орналасқан жерін анықтаған. Өзбекстанның тәртіп сақшылары бұл адамды ірі алаяқтық жасады деген күдікпен бір жылдан астам уақыт іздеген.

Іздеуде жүрген адам «Іздестіру» жедел профилактикалық іс-шарасының аясында анықталып, облыс орталығындағы жеке тұрғын үйлердің бірінде ұсталды. Қазір ол қамауда отыр. Оның ұсталғаны туралы ақпарат ҚР Ішкі істер министрлігіне жолданды, – деді Жетісу облысы ПД криминалдық полиция басқармасының іздеу бөлімі.

«Іздестіру» жедел-профилактикалық іс-шарасы 20-21 қыркүйек аралығында жүргізілді. Алғашқы тәулікте тәртіп сақшылары іздеуде жүрген 5 қылмыскерді ұстады. Оның ішінде көрші мемлекеттердің құқық қорғау органдары іздеп жүрген 2 шетелдік азамат бар. Сонымен қатар, облыстың полицейлері хабар-ошарсыз кеткен 4 адамның орналасқан жерін анықтай алды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама