×

Ақтау қаласы әкімінің орынбасары жеке кәсіпкерлікпен айналысқан – Антикор

Оған жарты млн теңге айыппұл салынды

 Еркеғали Болатұлы 22.09.2023 | 09:57
фото: Halyq Uni

Ақтау қаласы әкімінің орынбасары кәсіпкерлікпен айналысқаны үшін 483 мың теңге көлемінде айыппұл төлеген. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Маңғыстау облысы бойынша басқармасының басшысы Шамұрайт Шәменов мәлімдеді.

Басқарма басшысының мәліметінше, лауазымды тұлға қолданыстағы шектеулер туралы біле тұра кәсіпкерлік қызметті Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодекстің 154-бабы талаптарын бұза отырып іске асырған. Бұл үшін әкім орынбасарына 483 мың теңге айыппұл салынды.

Сыбайлас жемқорлық фактілері анықталған жағдайда тәулік бойы жұмыс істейтін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің «1424» Call-орталығына хабарлауға болатынын естеріңізге саламыз, – делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама