×

Алматы облысында ауылдық округ әкімі жемқорлықпен күреспегені үшін жауапқа тартылды

Антикор сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы бұзу фактілерін анықтаған

 Динара Амантай 22.09.2023 | 09:21
Фото: СЖҚА баспасөз қызметі

Алматы облысында ауылдық округ әкімі сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды қабылдамағаны үшін жауапкершілікке тартылды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет баспасөз қызметінің мәліметінше, мониторинг барысында жұмысқа қабылдау кезінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы бұзу фактілері анықталған.

Ұйғыр ауданы ауылдық округ әкімінің мемлекеттік мекеменің бас маманы лауазымына қызметкерді активтері мен міндеттемелері туралы декларациясыз тағайындағаны анықталды. Салдарынан әкім ҚР ӘҚБтК-нің 680-бабы («Мемлекеттік органдар басшыларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі шараларды қабылдамауы») бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Салынған айыппұл көлемі 172 мың 500 теңге болды, - делінген Антикор хабарламасында.

Айта кетсек, «Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқықбұзушылық туралы» Кодексіне өзгерістер енгізу туралы» Заңға сәйкес, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке сыбайлас жемқорлық сипатындағы белгілері бар 15 әкімшілік бап берілген.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама