×

Биыл жазда елімізге 500 мыңға жуық турист келді

Шетелдіктер ең көп барған өңірлердің көшін Алматы қаласы бастап тұр

 Дастан Жұмабекұлы 21.09.2023 | 11:21
Фото: Halyq Uni

Жаздың 3 айында елімізге 448 мың шетелдік турист келді. Олардың 64,6%-ы – ер-азаматтар. Ал шетелдік қонақтардың басым бөлігі – 30-44 жас аралығындағылар.

eQonaq ақпараттық жүйесінің дерегіне қарағанда, шетелдіктер ең көп барған өңірлердің көшін Алматы қаласы бастап тұр. Бұл қалаға 139 мыңнан астам турист келген. Ал екінші орында – Астана қаласы. Елордада жазғы маусымда 68 мың шетелдік қонақ болған. Үздік үштікті Алматы облысы түйіндейді. Бұл жаққа 34 мыңға жуық шетелдік саяхаттаған.

Ақмола облысына 21 мыңға жуық, Жамбыл, Ақтөбе, Қарағанды мен Солтүстік Қазақстан облыстарына 14 мыңнан астам шетелдік турист келген. Жалпы алғанда, жыл басынан Қазақстанға келген шетелдік туристердің саны 1,8 есе артып отыр. 2023 жылдың соңына дейін елімізге 1,4 млн шетелдік турист келеді деп болжанған, – деді Туризм және спорт министрлігінің ресми өкілі Мөлдір Әбдуалиева.

Еліміздің батыс өңірі де шетелдіктер жиі баратын өңір саналады. Мәселен, жаздың 3 айында Маңғыстау облысына 28 мыңнан астам шетел азаматы келсе, Атырау облысында 25 мыңнан астам шетелдік турист болған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама