×

Атырау облысында 5 жасар бала кәріз құдығына құлап кеткен

Оны құтқаруға 5 минут уақыт кеткен

 Динара Амантай 20.09.2023 | 13:53
Фото: видеодан скриншот

Атырау облысында жоғалған бала кәріз құдығынан табылды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, 19 қыркүйекте сағат 17:48 шамасында полицияға Аққыстау ауылының 1993 жылы туған тұрғыны хабарласып, 5 жастағы ұлының 20 минут бұрын жоғалып кеткенін хабарлаған. Содан дереу жедел-іздестіру жұмыстары басталған.

Шақыру орнына барған полицей баланың дауысын тұрғын үй ауласындағы кәріз шұңқырынан естіп қалып, оны шығарып алуға талпынған. Ол балаға төнген қауіп пен уақыттың тығыздығын түсініп, өзге әріптестерін де көмекке шақырды. Кәріз құдығының аузы тар болғандықтан, бүлдіршінді денесіне жарақат салмай алып шығуға 5 минуттай уақыт кеткен.

Қазір баланың денсаулығы жақсы. Ол дәрігерлердің тексеруінен өтті.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама