×

Абай облысында табиғатты жосықсыз пайдаланушылардан 100 млн теңге өндірілді

60-қа жуық адамға айыппұл салынды

 Динара Амантай 20.09.2023 | 11:38
Фото: Halyq Uni

Абай облысының прокуратурасы қабылдаған шаралар бойынша табиғатты пайдаланушылар мемлекетке 100 млн теңгеден аса залалды өтеді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Прокуратураның талдау нәтижелері бойынша жекелеген табиғат пайдаланушылардың рұқсат құжаттарынсыз немесе белгіленген лимиттерден тыс ластаушы заттарды шығару фактілері анықталды. Жүргізілген есептеулердің нәтижелері бойынша табиғат пайдаланушылардың әрекеттерінен қоршаған ортаға келтірілген залал 100 млн теңгеден асты. Олар прокуратура актісі бойынша мемлекет кірісіне өтелді, – делінген прокуратура хабарламасында.

Бұдан басқа, барлық табиғат пайдаланушылар қалдықтарды түгендеу және өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасын орындау бойынша міндетті есептерді ұсыну бойынша талаптарды сақтамайды.Осыған байланысты 58 табиғат пайдаланушыға 15 млн теңге әкімшілік айыппұл салынды және өндірілді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама