×

Шарлапаев азаматтығы туралы: «Отаныма оралған қандаспын»

Өнеркәсіп және құрылыс министрі қазақ тілін үйреніп жүр

 Дәурен Ерболат 19.09.2023 | 13:05
Қанат Шарлапаев, фото: Halyq Uni

Жуырда Өнеркәсіп және құрылыс министрі болып тағайындалған Қанат Шарлапаев азаматтығы туралы айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Министр бұрын өзге елдің азаматы болса да, өзін үнемі қазақ деп сезініп келгенін атап өттті.

Мен ана тілім үйреніп жатырмын. Аптасына 5 рет (қазақ тілі) сабағына барамын. Маған мұғалім келеді. Осылайша, қазақша үйреніп жүрмін. Мен жат адам емеспін. Қазақстанға оралған қандаспын, - деді Қанат Шарлапаева Үкіметтің баспасөз орталығында.

Министрдің айтуынша, ол министрлікке өз командасымен келмеген.

«Команда мәселесіне тоқталайын. Мен «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингіне (басшылық қызметке) келгеннен кейін бір адамды өзгертпедім. Әріптесімнің барлығы өз орнында қалды. Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінде де осындай жағдай болады. Мен вице-министрлерімді, жалпы ешкімді өзгертпеймін. Жұмыс бабын білетін, жұмыс істей алатын адамдармен бірге жұмыс істей беремін.

Баспасөз хатшымды не үшін (министрлікке) алып келдім? Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі екіге бөлінді. Осылайша, ондағы адамдар басқа министрлікке кетті. Вакансия бос болды. Осыған байланысты мен «Бәйтерек» ұлттық компаниясындағы баспасөз хатшымды шақырдым», - деді ведомство басшысы.

2022 жылы «Бәйтерек» ҰБХ басқарма төрағасы болған Қанат Шарлапаевтың Ресей азаматтығынан шығуы туралы өтініші қанағаттандырылды. Ресми жарлық 2022 жылдың 18 қарашасында Ресейдің құқықтық ақпарат порталында жарияланды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама