×

Атырауда білім басқармасы жеке меншік балабақшаларға заңсыз талаптар қойған

Антикор білім беру мекемесіне ұсыныс берді

 Динара Амантай 19.09.2023 | 12:50
Фото: burobiz.ru

Атырауда білім беру басқармасы жеке меншік балабақшаларға заңсыз талаптар қойған, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Атырау облысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке «Қазақстандық үздіксіз білім беру қауымдастығы» Атырау филиалының директоры Атырау қаласы білім бөлімінің және Атырау облысы білім басқармасының лауазымды тұлғалары тарапынан «Qazna Face» пилоттық жобасына мемлекеттік тапсырыстар алатын жекеменшік мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің қатысуы бойынша заңсыз талаптарға шағымданып, жүгінді. Айта кету керек, облыста 59 жеке меншік балабақша бар.

Qazna FACE – биометриялық деректерді оқу арқылы мектепке дейінгі, орта (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта), оның ішінде арнайы және мамандандырылған, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және қосымша білім беру ұйымдарында контингентке баруды автоматтандыруға арналған қосымша.

Осы мәселені қарау қорытындысы бойынша Атырау облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі білім беру мекемелерімен кездесіп, нәтижесінде мәжбүрлеу талаптарын тоқтатуға және кәсіпкерлердің құқықтарын бұзуға жол бермеуге ұсыныс берді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама