×

Абай облысы әкімдігі мердігер компанияларға ескерту жасады

Димитрий Гариков жоспарланған жұмыстарды аяз басталғанша аяқтауды тапсырды

 Халық үні 19.09.2023 | 12:43
Фото: Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Абай облысында жыл соңына дейін әлеуметтік нысандардың, оның ішінде мәдени, білім беру мен денсаулық сақтау мекемелерінің құрылысы, сумен жабдықтау желілерін қайта жаңғырту жұмыстарын уақытылы аяқтау қажет. Бірақ кейбір жобаларды жүзеге асыру кезінде жоспардан кешігу тіркеліп отыр.

Осы бағытқа жауапты облыс әкімінің орынбасары Димитрий Гариков облыстың аудан-қалаларында құрылыс жүргізіп жатқан мердігерлердің басын қосты. Бірлескен кеңесте мердігер ұйымдарға құрылыс жұмыстарын белгіленген мерзімде аяқтау талаптары қойылды.

Жиында келісімшартқа сәйкес міндеттерін орындамай жатқан компания басшылары қатаң сынға алынды. Облыстық әкімдік тарапынан ескерту айтылып, заң аясында шаралар қолданылатыны жеткізді.

Сіздер мемлекеттік сатып алу байқауында жеңіске жеттіңіздер, енді құжаттарға сәйкес алған міндеттеріңізді орындаңыздар. Халық сіздерден нәтиже күтіп отыр. Жобаларды барынша жылдам әрі сапалы аяқтау мақсатында барлық техника мен жұмыс күшін жұмылдырыңыздар. Қосымша жұмысшылар алыңыздар. Алғашқы аяз түскенше барлық жұмыстар аяқталуы қажет, - деді Димитрий Гариков.

Құрылыс жұмыстары уақытында аяқталмаса, өңірлік әкімдік тарапынан түбегейлі шаралар қабылданады. Жобаны жүзеге асыруды кешіктірген мердігер компаниялар қара тізімге енгізіліп, болашақта мемлекеттік сатып алулар мен құрылыс байқауларына қатысудан шектетіледі. Сондай-ақ тұрақсыздық үшін айыппұл өндіріп алу және т.б. заң аясында жауапқа тарту үшін сотқа жүгінеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама