×

Астанада – Шүменов, Алматыда – Кебісбаев: спортшылар күшін бұқараға жұмсауға көшкен бе?

Бостандық ауданының полиция басқармасына 1986 жылы туған азамат арызданған

 Еркеғали Болатұлы 18.09.2023 | 16:26
фото: instagram/almat_kebispaev

Әлеуметтік желілерде бір ер адамның екінші ер адамды ұрып құлатқаны бейнеленген видео тарап жатыр. Шағымданушының айтуынша, оны белгілі спортшы ұрып жыққан.

Желідегі ақпаратқа сүйенсек, 6 қыркүйекте Алматыдағы «Атакент» сауда ойын-сауық орталығында екі отбасы арасында жанжал болған.

Редакциямызға оқырмандарымыздың бірі жүгінді. Айтуынша, 6 қыркүйекте «Атакент» сауда ойын-сауық орталығында оның қызының туған күні болған, балалары сол жердегі ойын-сауық алаңында ойнаған, - делінген хабарламада.

Редакцияға жүгінген адамның айтуынша, оған бір әйел келіп, балалары өзінің балаларын ренжіткенін айтып, шағымдана бастаған. Бұған жауап ретінде ер адам балалардың қазір ұрсысып, 1-2 минуттан кейін қайта татуласып кететінін түсіндірген.

Осыдан кейін екі жігіт келіп, олардың бірі жәбірленуші жігітті бетінен жұдырығымен ұрған, - делінген жазбада.

Алматы қалалық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, 6 қыркүйекте Бостандық ауданының полиция басқармасына 1986 жылы туған азамат М. арызданған. Оның айтуынша, 1987 жылы туған азамат К. оған дене жарақатын салған. Полицияның баспасөз қызметі бұл факті ӘҚБтК-нің 73-1-бабы 1-бөлігі бойынша тіркелгенін атап өтті, деп хабарлады nur.kz.

Азамат М. алған дене жарақатының ауырлық дәрежесін анықтау мақсатында сот-медициналық сараптама тағайындалды. Сараптамалық зерттеу қорытындысын алғаннан кейін материал шешім қабылдау үшін Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына жіберіледі, - делінген қалалық ПД хабарламасында.

Ал қоғам белсендісі Жан Ахмадиев өзінің Instagram-дағы парақшасына ер адамды ұрып-соққан жігіттің грек-рим күресінен ҚР чемпионы Алмат Кебіспаев екенін жазды. Оның айтуынша, балаларының көзінше соққыға жығылған жігіт көпбалалы әке екен.

Еске сала кетсек, бұған дейін Астанада белгілі кәсіпқой боксшы Бейбіт Шүменовтің де бір жігітті баласының көзінше соққының астына алғаны хабарланған еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама