×

Қызылорда облысында 9 млн теңгенің малы ұрланып кетті

Ауыл шаруашылық мекемесінің басшысы 53 түйесін бақташыға сеніп тапсырған еді

 Дастан Жұмабекұлы 18.09.2023 | 15:46
Фото: polisia.kz

Қызылорда облысында бақташы құны 9 млн теңге болатын 21 түйені ұрлап, сатып жіберген. Ол көп ұзамай, полицияның қолына түсті.

Polisia.kz-тің хабарлауынша, 2021 жылдың көктемінде Қызылорда облысының Қазалы ауданында ауыл шаруашылығы мекемесінің басшысы 53 түйесін жергілікті бақташыға сеніп тапсырған. Уақыт өте малын санағанда 21 түйе табылмаған. Содан кейін мекеме басшысы аудандық полиция бөліміне хабарласып, 21 түйесінің жоғалғанын айтқан.

Полиция тексеру кезінде қылмысқа бақташының қатысы бар екенін анықтады. Ол малдардың көп бөлігін иемденіп, сойып, етін сатып, ал ақшасын өз қажеттілігіне жұмсап жіберген екен.

Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 9 млн теңгеден асты. Қазір күдіктіге қатысты ҚР ҚК-нің 189-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті Қазалы аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама