×

«Оң көзінің қабағына оқ тиген»: Алматыда жаппай төбелес болды (ВИДЕО)

Аталған факті «Бұзақылық» бабы бойынша тіркелген

 Еркеғали Болатұлы 17.09.2023 | 15:03
фото: видеодан скриншот

Әлеуметтік желіде Алматы көшелерінің бірінде жаппай төбелес болғаны туралы видео тарап жатыр. Видео авторы төбелес кезінде бір адамның оқтан жарақат алғанын айтты.

Менің ұлым мен оның екі досын бір топ адам ұрып-соғып, телефондарын тартып алған, барлық киімі қанға боялған. Ұлымның досының бетіне оқ тиді. Оқ оның оң көзінің қабағына тиген, - дейді әлеуметтік желіде жарияланған видеоның авторы.

Алматы қалалық полиция департаментінің хабарлауынша, аталған факті «Бұзақылық» бабы бойынша тіркелген.

«Қазір төбелеске қатысқандар мен оқиғаның мән-жайын анықтауға бағытталған жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр», - деп хабарлады Алматы қаласының полиция департаменті.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама