×

Жетісу облысында жылқыға соқтығысқан көліктің жолаушысы қаза тапты

Қазір полицейлер жылқының иесін анықтау үшін қажетті шаралар жүргізіп жатыр

 Динара Амантай 15.09.2023 | 13:34
Фото: CC0/Karl Bustamante

Жетісу облысында жылқыға соқтығысқан көліктің жолаушысы қаза тапты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, жол апаты 15 қыркүйекте таңертең Алматы – Өскемен автожолының 136-шақырымында болған. Honda Element көлігі жолға кенет шауып шыққан жылқымен соқтығысқан. Оқиға орнында шетелдік көліктің салонында болған 44 жастағы жолаушы қаза тапты.

Қазір полицейлер жылқының иесін анықтау үшін қажетті шараларды жүргізіп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама