×

Семейде қолына пышақ ұстаған әйел өтіп бара жатқан адамдарды қорқытқан

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды

 Динара Амантай 15.09.2023 | 09:16
Фото: polisia.kz

Семейде қолына пышақ ұстаған әйел өтіп бара жатқан адамдарды қорқытқан, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, «Құқықтық тәртіп» ЖПІШ өткізу барысында екі полицей әкімшілік учаскені аралау кезінде Перинаталдық орталық ғимаратының жанында қолына пышақ ұстаған әйелді байқаған. Күдікті әйелдің психоневрологиялық диспансерде есепте тұрғаны анықталды. 34 жастағы азамат полиция бөліміне жеткізілді.

Сарапшының қорытындысына сәйкес, әйелден тәркіленген зат суық қару болып шықты.

ҚР ҚК-нің 287-бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Болған оқиғаның барлық жағдайлары анықталып жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама