×

«Шөлдаладағы» сарбаз өлімі: Бас әскери прокуратура сот үкімімен келіспейді

Сарбаз өлімінен кейін қамауға алынған күдікті ақталып шыққан еді

 Дәурен Ерболат 14.09.2023 | 12:20
Дастан Сәкенов, Бас әскери прокурор

2022 жылдың тамызында «Шөлдала» шекара заставасында сарбаз Бекбол Мираш қайтыс болды. Бас әскери прокурор Дастан Секенов қайтыс болған сарбаздың зорланбағанын мәлімдеді.

Мен сарбаз Бекбол Мирашқа сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық жасалмады деп нақты айта аламын, - деді Дастан Секенов.

Бас әскери прокурордың айтуынша, марқұмның денесінен шәуһат (сперма) табылмаған.

«Бекбол Мираштың денесінен сперма табылды деп айтуға болмайды. Бұл мәселе бірнеше рет талқыланған. Біз БАҚ-қа да жауап бергенбіз. Біріншіден, оның (денесінен) сперма табылды деп түсіндіруге болмайды. Мұнда биологиялық материалдың іздері бар. Екіншіден, сарапшы дұрыс баға бермеген. Сондықтан біз бірнеше рет сараптама жүргіздік. Оның қорытындысы мұны дәлелдемеді», - деді Бас әскери прокурор.

Сондай-ақ ол сот үкімімен келіспейтінін жеткізді.

Сот үкімі шыққанда сарбаздың өзіне қол жұмсау дерегі жеке өндіріске алынып, бізге (Бас әскери прокуратураға) жіберілді. Біз сот үкіміне наразылық келтіреміз. Үкім заңды күшіне енгеннен кейін іске қайта ораламыз. Біз Мираштың өз-өзіне қол салуы келісімшарт бойынша әскеридің әрекетінен болды деп ойлаймыз, - деді Дастан Секенов.

Тергеу кезінде cержанттың адвокаты келтірген дәйектердің бәрі тексеріліп, жауап берілген.

«Біз тергеу кезінде сержантты қорғаған адвокаттың барлық дәлелін тексердік. Бәріне жауап бердік. Басқа адвокаттар наразылық білдірген жоқ. Біздің нұсқа – келісімшарт бойынша әскеридің әрекеті салдарынан (сарбаз) өзіне қол салған», - деді ол.

Еске салайық, «Шөлдала» шекара заставасында қайтыс болған сарбазға қатысты қылмыстық іс қозғалып, cержант Айбек Нұртаев қамауға алынды. Алайда, 2023 жылдың 24 тамызында Шымкент гарнизонының әскери сотының шешімімен күдікті екі бап бойынша ақталып шықты.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама