×

Атырауда жоғалған ер адамның мәйіті судан табылды

Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр

 Динара Амантай 13.09.2023 | 17:49
Фото: polisia.kz

Атырауда достарымен бірге балық аулауға шығып, жоғалып кеткен ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, облыстық полиция 10 қыркүйекте достарымен балық аулауға кетіп, үйіне оралмаған 1987 жылы туған Ербол Құсайыновтың денесін Жайық өзенінен 13 қыркүйекте сағат 9:30 шамасында балық аулаған жерден 50 метр қашықтықтан тапты.

Алдын ала болжам бойынша, жоғалған ер адам суға батып кеткен. Мүрдеге сот-медициналық сараптама тағайындалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Еске сала кетсек, бұған дейін Атырауда достарымен бірге балық аулауға кеткен ер адамның іздестіріліп жатқанын хабарлаған болатынбыз. Оның туыстары достарынан күдіктенген еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама