×

ШҚО-да ұрлықпен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

Шығын 500 миллион теңгеден асады

 Динара Амантай 13.09.2023 | 10:44
Фото: видеодан скриншот

Шығыс Қазақстан облысында ұрлықпен айналысқан қылмыстық топтың іс-әрекеті тоқтатылды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері 2 жылдан астам уақыт облыс кәсіпорындарының бірінің тауарлық-материалдық құндылықтарын ұрлаумен айналысқан қылмыстық топтың іс-әркетіне тосқауыл қойды. Шығын 500 миллион теңгеден асады.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында полиция қызметкерлері 20-дан астам тінту іс-шараларын жүргізді. Оның нәтижесінде заттай дәлелдемелер тәркіленді. Қажетті сот сараптамалары тағайындалды, – делінген хабарламада.

Сондай-ақ күдіктілер, қылмыстық топтың ұйымдастырушысы мен белсенді мүшелері соттың санкциясымен қамауға алынды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама