×

Алматыда балаларына дұрыс тәрбие бермеген 23 адам ата-ана құқығынан айырылды

Қолдау орталығына 653 кәмелетке толмаған бала орналастырылды

 Динара Амантай 12.09.2023 | 13:51
Фото: Астана қ. сотының баспасөз қызметі

Алматыда балаларына дұрыс тәрбие бермеген 23 адам ата-ана құқығынан айырылды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, жыл басынан бері кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың алдын алу мақсатында мүдделі мемлекеттік органдардың, жұртшылықтың және БАҚ өкілдерінің қатысуымен жалпықалалық 13 жедел алдын алу іс-шарасы өткізілген.

Нәтижесінде 357 жасөспірім, сондай-ақ 380 қолайсыз отбасы анықталып, есепке алынды. Бүгінде ІІО-да есепте 393 жасөспірім және 583 қолайсыз отбасы бар. Қиын өмірлік жағдайға тап болған балаларды қолдау орталығына 653 кәмелетке толмаған бала орналастырылды. Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз ойын-сауық мекемелерінде (сағат 22:00-ден кейін) және тұрғын үйлерден тыс жерде (сағат 23:00-ден кейін) болғаны үшін 5 мың 640 ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деді Алматы қалалық ПД ЖПҚБ ювеналды полиция бөлімінің басшысы Жанна Шонжанова.

Сондай-ақ ол қала және аудандар әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандар істері және олардың құқығын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссиялармен өзара іс-қимылдың кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың алдын алудың негізгі тұтқаларының бірі саналатынын айтты. Жыл басынан бері комиссия отырыстарында кәмелетке толмағандардың мүдделеріне қатысты түрлі деректер бойынша 250 материал қаралып, 23 ата-анаға ата-ана құқығынан айыру түріндегі шара қолданылды. Тағы 539 ата-ана балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама