×

Мароккода 30-дан астам жерлесіміз тұрады: зілзаладан зардап шеккендер туралы дерек айтылды

Мароккода жер сілкінісінен құрбан болғандар саны 3 мыңға жуықтаған

 Дәурен Ерболат 12.09.2023 | 13:14
фото: REUTERS

Мароккода 8 қыркүйекте кешке магнитудасы 6,9 болатын жойқын жер сілкінісі болды. Соңғы ақпаратқа сәйкес, зілзала салдарынан құрбан болғандар саны 3 мыңға жуықтаған.

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияровтың айтуынша, қазір Мароккода 30-дан астам қазақстандық тұрып жатыр. Олар зілзаладан зардап шекпеген, бәрі дін аман.

Мароккода Қазақстанның елшілігі бар. Онда 30-дан астам жерлесіміз тұрып жатыр. Бәрі аман-есен. Зілзаладан зардап шеккен және қайтыс болғандардың арасында Қазақстан азаматтары жоқ, - деді Айбек Смадияров.

Сейсмологтардың мәліметінше, жер сілкінісінің ошағы Марракеш қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 77 шақырым жерде орналасқан. Зілзала ошағы 10 шақырым тереңдікте болған. Магнитудасы 4,8-ге дейін жететін жерасты дүмпуі бірнеше рет қайталанды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама