×

ШҚО-да 50 млн теңгенің балығын заңсыз тасымалдаған ер адам ұсталды

Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр

 Динара Амантай 12.09.2023 | 11:06
Фото: видеодан скриншот

ШҚО-да 50 млн теңгенің балығын заңсыз тасымалдаған ер адам ұсталды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, Омбы – Майқапшағай тасжолын патрульдеу барысында облыс орталығының 31 жастағы тұрғынының басқаруындағы «КамАЗ» тоқтатылған. Көлікті тексеру кезінде ер адамның балықпен толтырылған 280-нен астам полиэтилен пакеттерін тиісті құжаттарсыз тасымалдағаны белгілі болды.

Жүргізушінің айтуынша, ол жүкті Өскеменге облыстағы ауылдардың бірінен тасымалдаған. Күдіктінің салмағы 7 тоннадан асатын көксерке балықтарын қаптарға салып тасымалдағаны анықталды, – делінген хабарламада.

Келтірілген шығын 50 миллион теңгеден асады. ҚР ҚК-нің 335-бабы 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама