×

Алматы облысында бастауыш оқушысы өзіне қол жұмсамақ болған: арнайы жұмыс тобы құрылды

Бұған дейін 4-сынып оқушысының ауыр халде табылғаны айтылды

 Халық үні 12.09.2023 | 10:34
Фото: Halyq Uni

Оқу-ағарту министрлігі Алматы облысында өзіне қол жұмсамақ болған 4-сынып оқушысына қатысты ақпарат таратты.

Ресми ақпарат бойынша, Балалардың құқығын қорғау комитеті 10 жастағы балаға қатысты оқиға бойынша арнайы жұмыс тобын құрған.

Бұған дейін БАҚ-да Алматы облысында 4-сынып оқушысы құрдастарының буллинг фактілерінен кейін қол жұмсамақшы болғаны туралы ақпарат тараған болатын. Осы жағдайға байланысты арнайы жұмыс тобы құрылды. Болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтау мақсатында Оқу-ағарту министрлігінің, Алматы облысы білім басқармасының басшылығының өкілдері бала оқитын мектепке жедел тәртіппен барды, - делінген комитет таратқан ақпаратта.

Бұл оқиғаны Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің бақылауына алған.

Бұған дейін Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі істің Қылмыстық кодексінің 105-бабының 3-бөлігі бойынша Талғар аудандық полиция басқармасында тіркелгенін хабарлады.

«Тексеру барысында кәмелетке толмаған бала үйінде 10-ға жуық таблетка, болжам бойынша «ацетилсалицил қышқылын» ішкені анықталды. Қазір істің мән-жайын толық, жан-жақты және объективті зерттеу үшін сараптама тағайындалып, қажетті тергеу шаралары жүріп жатыр. Жұмыс қорытындысы бойынша процессуалды шешім қабылданады», - делінген полиция таратқан ақпаратта.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама