×

NEW MEDIA FORUM: спикерлер мен талқыланатын мәселелер белгілі болды

Форумды онлайн форматта да көруге болады

 Халық үні 11.09.2023 | 11:22
Фото: newmediaforum.kz

Алматыда 12 қыркүйекте Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен NEW MEDIA FORUM өтеді. Форум аясында жаңа медиа өкілдері – блогерлер мен инфлюенсерлер, цифрлық контент авторлары мен өндірушілері, мемлекеттік қызметкерлер мен инвесторлар өзекті мәселелерді талқылау, заманауи сын-қатерлерді анықтау және олардың қазақстандық қоғамға әсерін бағалау үшін жиналады.    

Форум бағдарламасында «Жаңа цифрлық әлем тәртібі», «Медиа нарығының эволюциясы», «Цифрлық кеңістіктегі жаңа медиа этикасы», «Медиа және технологиялар: ақпарат кеңістігінің трансформациясы», «Креативті индустрия және жаңа медиа» тақырыптары бойынша панельдік сессиялар бар.

Жаңа цифрлық әлем тәртібі сессиясында «Eki bala» және «Asia Mix» тик-ток жобаларының авторы (Қырғызстан) Эльдияр Кененсаров, Repost.uz сайтының негізін қалаушылардан бірі және жетекшісі (Өзбекстан) Тимур Абдуллин, Airan YouTube арнасының бас продюсері (Қазақстан) Дәурен Меркеев, мультимедиялық журналист және In Old News сайтының негізін қалаушы (Үндістан, онлайн) Сашни Бишвас, аралас жекпе-жек бойынша сарапшы және «Вестник ММА» ғылыми-ойын-сауықтық бейне журнал авторы (Ресей) Михаил Краймер спикер болады.

Медиа нарығының эволюциясы сессиясындағы спикерлер:

  • Айдос Сарым, Қазақстан Республикасы мәжілісінің депутаты (Қазақстан);
  • Абылайхан Камаладин, QAMALLADIN bloggers agency бас директоры (Қазақстан);
  • Дилмурад Рахимов, International Media Service басқарушы директоры (Қазақстан);
  • Юлия Сычева, Авторлық құқық және медиа сарапшысы, консалтингтік фирманың контент-комплеанс тәжірибе жетекшісі, Lumieres серіктесі (БАӘ).

Креативті индустрия және жаңа медиа сессиясында қазақстандық сценарист, жүргізуші, продюсер Марат Оралғазин, Ozen музыкалық платформасының негізін қалаушы Айзатулла Хусейн, Орда тобының мүшесі Ерболат Беделхан, кино және телехикаялар режиссері Әлішер Утев, халықаралық тележобалардың продюсері (Әзербайжан) Иса Меликов, Qazaq Media продюсерлік орталығының директоры Александр Аксютиц спикер болады.

Цифрлық кеңістіктегі жаңа медиа этикасы сессиясының спикерлері:

  • Никита Шаталов, «Шаталканал» телеграм-арнасының авторы, Қазақстан Республикасы мәжілісінің депутаты (Қазақстан);
  • Серік Қамбарбаев, «Asar-Ume» қайырымдылық қорының өкілі, блогер, (Қазақстан);
  • Нұрлан Байжігітұлы, теолог, «Ырыскелді қажы» мешітінің бас имамы (Қазақстан);
  • Ғалым Қалиакбаров, «Stand up Astana» стендап-әзілкеші (Қазақстан);
  • Перизат Мырзахмет, телехикая продюсері, журналист (Қазақстан);
  • Гүлмира Құсайынова, Manshuq онлайн-баспасының бас редакторы (Қазақстан).

Медиа және технологиялар: ақпарат кеңістігінің трансформациясы сессиясының спикерлері:

  • Александр Мелентьев, YouTube-та Expert Media Group продюсерлік орталығының негізін қалаушы (Қазақстан);
  • Абай Сейфулла, журналист, «Abay Live», «Qasqa Jol» YouTube арналарының авторы (Қазақстан);
  • Шынар Сапар, QM.meta компаниясының бас директоры (Қазақстан);
  • Марғұлан Тұрсынов, ZTB.kz жоба жетекшісі (Қазақстан);
  • Си Ву Ким, Korean Creative Content Agency  ТМД елдеріндегі өкілі (Оңтүстік Корея).

Айта кетейік,NEW MEDIA FORUM-ның негізгі мақсаты бірнеше мәселені қамтиды:

  • жаңа медианың даму тарихы және олардың әлеуметтік өмірге және медиа индустрияға әсері;
  • осы медиалардың форматтары және ерекшеліктері;
  • медиа этика және оның бұқаралық мәдениетке әсері;
  • жарнама және алға жылжыту;
  • интернет-маркетинг және интернет-белсенділік;
  • жаңа тенденциялар мен перспективалар.

Форум онлайн және офлайн форматта өтеді. Мекенжайы: «Қазақстан» қонақ үйі, Достық даңғылы, 52/2. Өзге де ақпаратты www.newmediaforum.kz сайтынан білуге болады.

Форумның серіктесі – «QAZCONTENT» АҚ және HOLIDAY INN EXPRESS.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама