×

Қызылордада 2 ер адам аса ірі көлемде есірткі тасымалдаған

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр

 Динара Амантай 11.09.2023 | 09:28
Фото: polisia.kz

Қызылордада патрульдік полиция қызметкерлері 25 келіден аса есірткі затын тасымалдаған екі азаматты ұстады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, «Қарасора» іс-шарасы барысында Қызылорда облысының Арал ауданы тұсында Самара – Шымкент тасжолында жол ережесін бұзған Toyota автокөлігі тоқтатылған. Тексеру барысында көліктен сөмкеге салынған жасыл түсті зат анықталып, айғақ зат ретінде алынды.

Сараптама қорытындысымен алынған заттың 25,2 келіден астам кептірілген марихуана екендігі нақтыланды. Автокөлікті тізгіндеген 43 жастағы жүргізуші мен 43 жастағы жолаушысы Атырау облысының тұрғындары болып шықты. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды, – деді Арал аудандық полиция бөлімі тергеу бөлімшесінің аға тергеушісі Жылқайдар Отаров.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 296-бабының 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама