×

Алматыға заңсыз келген тәжік балалары анықталды

Барлығы 39 шетел азаматы ұсталған

 Дастан Жұмабекұлы 09.09.2023 | 09:24
Фото: polisia.kz

Алматыда кәмелетке толмаған Тәжікстан азаматтары анықталды.

Алматылық көші-қон қызметінің мәліметіне қарағанда, «Учаске» іс-шарасы кезінде Алатау ауданында жеке басын куәландыратын құжаты жоқ 39 шетелдік азамат ұсталған. Олар қаланың орталық киім базарына іргелес аумақты тексеру кезінде анықталған.

Алатау ауданында жеке басын куәландыратын құжаты жоқ 39 шетелдік азаматты анықтадық. Оның 36-сы Тәжікстан азаматы. 18 бала кәмелеттік жасқа толмаған. Бұл – 16-17 жас аралығындағы жасөспірімдер. Жасөспірімдер тиісті шара қолдану үшін аудандық полиция басқармасының ювеналды полиция бөліміне жіберілді. Жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ шетелдіктер полиция департаментіне берілді, – деп хабарлады Алматы қалалық ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бутунчинов.

Polisia.kz-тің хабарлауынша, осы күндері Алматыда «Учаске» жедел алдын алу іс-шарасы болып жатыр. Оның мақсаты – шетел азаматтарының қылмыс жасауының алдын алу.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама