×

Тоғызқұмалақ күніне орай 4 кітап оқырманға жол тартты

Ұлттық ойын туралы кітаптар қазақ, ағылшын, орыс тілдерінде басылып шықты

 Халық үні 08.09.2023 | 12:28
фото: facebook.com/alikhan.baimenov

9 қыркүйек – Тоғызқұмақ күні. Тоғызқұмақ күні қарсаңында әлемнің он дүркін чемпионы, тоғызқұмалақтан Қазақстанның еңбек сіңірген тұңғыш спорт шебері Әсел Далиева керемет тарту жасады.

Әсел Далиеваның өзі және Сайлан Матылов, Айнұр Жақапбаева, Ернұр Әлібекпен бірлесіп тоғызқұмалақ жайлы 4 кітап шығарды. Кітаптар қазақ, ағылшын, орыс тілдерінде басылып шықты. Бұл туралы Дүниежүзілік тоғызқұмалақ федерациясының президенті Әлихан Байменов хабарлады.

Тоғызқұмалақ күніне орай 9 қыркүйекте Алматы қаласында Алматы қаласында тоғызқұмалақтан сайыс өтеді. Оған 2000-нан астам жоғары сынып оқушылары қатысады. Олардың мақсаты — Қазақстанның Гиннес рекордтар кітабына ену.

Еске салайық, Дүниежүзілік тоғызқұмалақ федерациясы 2022 жылдың қазан айында Ұлттық спорт қауымдастығының құрамына кірді. Одан бөлек, Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының құрамында көкпар, жамбы ату, аударыспақ, теңге ілу, бәйге, садақ ату сияқты федерациялар бар.

АНЫҚТАМА:

Тоғызқұмалақ – қазақтың ұлттық дәстүрлі ойындарының бірі, ақыл-ой дамытуға арналған ойын. 2020 жылы тоғызқұмалақ ЮНЕСКО шешімімен адамзаттың мәдени мұра тізіміне енгізілді.

2023 жылдың 21-24 қыркүйегі аралығында Алматы қаласындағы ADD үстел теннисі орталығында рапид және блиц бойынша оқушылар (U-15, U-17) арасында тоғызқұмалақтан әлем чемпионаты өтеді. Турнирге әлемнің 20 елінен 150-ден астам ойыншы қатысады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама