×

«Өркен» кенішінде 39 жастағы жұмысшы қаза тапты

Арнайы комиссия құрылып, іс тергеліп жатыр

 Халық үні 07.09.2023 | 15:05
фото: metalmininginfo.kz

«Өркен» ЖШС кенішінде жұмысшы қаза тапты. Қайтыс болған жұмысшы 1984 жылы туған. Оқиғаға байланысты арнайы комиссия құрылды, іс тергеліп жатыр.

Ұжымдық шартқа сәйкес, «Өркен» ЖШС қаза тапқан адамның отбасына қажетті қолдау көрсетеді.

«Өркен» ЖШС негізгі қызметі: Лисаковск, Кентөбе, Атасу, Атансор кен орындарында темір рудасын өндіру, өңдеу және байыту. Сондай-ақ «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ға дайын өнімді, темір кені концентратын жеткізумен айналысады.

Айта кетейік, 2023 жылдың 17 тамызы сағат 10:00-те «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ға қарасты «Қазақстан» шахтасында конвейер таспасы өртеніп, апат болды. Шахтада барлығы 227 адам болған. Сол күні шахтадан 222 адам жер бетіне шығарылды, қалған 5 кеншіні іздеу жұмыстары жүргізілді. Содан кейін олардың мәйіті табылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама