×

Астанада автобус жүргізушілері артық жүктемемен жұмыс істеген

Кінәлі лауазымды тұлғалар әкімшілік және тәртіптік жауапкершілікке тартылды

 Динара Амантай 07.09.2023 | 14:57
Фото: newsroom.kz

Сарыарқа ауданының прокуратурасы елорданың автобус парктері тарапынан еңбек заңнамасының талаптарын өрескел бұзу фактілерін анықтады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Қалыпты жұмыс уақыты аптасына 40 сағат болса, автобус парктерінің жүргізушілерінде жұмыс аптасының ұзақтығы орта есеппен 91 сағат болған. Яғни 2 еседен асып, жүргізушілердің де, жолаушылардың да өмірі мен денсаулығына қауіп төнген. Осыған байланысты, Сарыарқа ауданының прокуратурасы қолданыстағы заңнама нормаларын түсіндіре отырып, автобус парктері басшыларының қатысуымен кеңес өткізді, – делінген прокуратура хабарламасында.

Енгізілген прокурорлық қадағалау актісі негізінде кінәлі лауазымды тұлғалар әкімшілік және тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама