×

Қазақстанда 10 мың адам банкрот деп танылуы мүмкін – Қаржы министрлігі

Бүгінде 65 мың қазақстандық өзін банкрот деп тану туралы өтініш берген

 Дәурен Ерболат 07.09.2023 | 12:03
коллаж: Halyq Uni

Қазақстанда күн сайын 100-150 адам өзін банкрот деп жариялауға өтініш береді. Бұл туралы Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Оның айтуынша, биыл 3 наурыздан бастап «Банкроттық туралы» заң күшіне енді.

«Сол күннен бастап өтінім қабылдана бастады. Заңға сәйкес, тексеру жүргізуге жарты жыл уақыт қарастылған. Осыған байланысты біз наурызда (өзін банкрот деп жариялығысы келетін адамнан – автор) бірден өтінімді алып, банкрот деп жариялау туралы шешімді қабылдай алмадық. Оған жарты жыл уақыт керек болды. Қыркүйекте жарты жыл болды. Енді банкрот деп жариялау процедурасы жүріп жатыр», - деді министрдің орынбасары Сенаттың жалпы отырысынан соң.

Ержан Біржановтың айтуынша, заң күшіне енген соң адамдардан түскен 377-ден аса өтінімді қарастырып, оларды банкрот деп таныған.

Мен статистиканы күн сайын бақылап отырмын. Банкроттардың тізіміне 100-200 адам қосылып отырады. Қазір біз ол бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Бүгінде банкрот деп танылуы мүмкін 10 мыңнан аса адам бар. Олар тізімге біртіндеп қосылады, - деді вице-министр.

Жалпы, өзін банкрот деп тануға соттан тыс 65 мың Қазақстан азаматы өтінім берген.

«1 қыркүйек жағдай бойынша 10 мың адам (банкрот деп жариялау үшін) алдын ала тексеруден өтті. Қазір олар банкрот деп танылуы мүмкін. Алайда өтініштер күн сайын түсіп жатыр. Тізім толықтырылады. Осы 10 мың адамның шамамен 400-ге жуығын (банкрот) деп таныдық. Күн сайын банкрот тізіміне 100-150 адам қосылады. Жалпы Қазақстанда күн сайын 100-150 адам өзін банкрот деп жариялайды деп айтуға болады», - деді вице-министр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама