×

Павлодар облысында 260-тан астам грант пен 136 шағын несие берілді

Гранттардың көпшілігі мал шаруашылығына тиесілі

 Динара Амантай 07.09.2023 | 11:25
Фото: Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

Павлодар облысында бизнес-бастамаларды іске асыру үшін 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде биыл 463 грант және мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру аясында жастарға 157 шағын несие беру көзделген, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Бүгінде 263 грант пен 136 шағын несие берілді. Гранттардың көпшілігі, яғни 47,9%-ы немесе 126 грант мал шаруашылығына, 36,9%-ы немесе 97 грант технологиялық жабдықтарды сатып алуға берілді.

Биыл 11 қыркүйекте басталатын үшінші лекте облыс бойынша 200 грант беру жоспарланған. Жалпы республика бойынша 3 780 грант беру жоспарланып отыр.

Бұдан басқа, осы жылдың басынан бастап жастардың кәсіпкерлік бастамаларына жылдық 2,5%-бен шағын несие беру түрінде жәрдемдесу шарасы көзделген. Павлодар облысында жастар үшін 157 шағын несие беру жоспарланған. Бұл мақсатқа республикалық бюджеттен 785 млн теңге бөлінді. Қазір жалпы сомасы 530,4 млн теңге болатын 136 шағын несие берілді.

Жас кәсіпкерлерге шағын несиелер үздік бизнес-жобаларды іріктеу жөніндегі конкурстық комиссияның шешімі негізінде «Аграрлық кредиттік корпорация» АҚ атынан сенім білдірілген агент арқылы беріледі.

Өңірлерде үміткерлерге консультациялар беру және грант алуға және шағын несие беруге де өтінімдер қабылдау бойынша жұмыстар жалғасып жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама