×

Хромтауда әйел 5-қабаттан секірмек болды

Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр

 Динара Амантай 07.09.2023 | 09:16
Фото: polisia.kz

Ақтөбе облысының Хромтау қаласында полицей тұрғын үйдің 5-ші қабатынан секірмек болған әйелді құтқарды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, кеше сағат 20:00 шамасында «102» арнасына белгісіз әйелдің 5-қабаттағы терезеден секіргелі жатқаны туралы хабар түскен. Оқиға орнына тез арада кезекшілікке шыққан учаскелік полиция инспекторлары жетті.

Үш учаскелік полиция инспекторы ұзақ ойланбастан шатырға көтеріліп, әйелмен әңгімелесіп, оны сабырға шақырды. Ал әйел жылап, өзін жайына қалдыруды сұраған. Осы сәтте полиция капитаны Райымбек Оңғарбаев өз өмірін қатерге тігіп, шатырдан балконға секіріп, әйелді құтқарып қалды.

Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама