×

БҚО-да 3 адамды жарақаттаған күдікті ұсталды

Ол әйелінің атына тіркелген аңшы мылтығын алып, қарсыласына қарай бірнеше рет оқ атқан

 Динара Амантай 06.09.2023 | 14:35
Фото: ашық дереккөз

Аралтөбе ауылының тұрғындарын атыс қаруымен жарақаттаған күдікті ұсталды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, кеше алкогольдік ішімдік ішкен шаруа қожалығының басшысы мен ауыл тұрғындарының бірінің арасында жанжал туып, арты төбелеске ұласқан. Сол сәтте қожалық басшысы өзінің Lexus автокөлігінен әйелінің атына тіркелген аңшы мылтығын алып, қарсыласына қарай бірнеше рет оқ атқан. Ауыл тұрғынының сол жақ жамбасына және аяғына оқ тиген. Сондай-ақ 59 жастағы әйел мен оның кішкентай немересі атыс қаруынан жарақаттанған.

Аса ауыр қылмыс жасағаннан кейін күдікті оқиға орнынан өз автокөлігімен бой тасалаған

Серіктес жаңалықтары

Сараптама