×

Жолаушыны такси жүргізушісі жаралаған ба? - Көкшетауда болған оқиғаның салдары анықталып жатыр

Жолаушының табаны сынып, облыстық ауруханаға жүгінген

 Динара Амантай 04.09.2023 | 13:49
Фото: topsov.com

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, 30 тамызда Көкшетау қаласының полиция басқармасына Алматы қаласының 34 жастағы тұрғыны арыз қалдырған, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Оқиға орнына барған жедел-тергеу тобы тасжол бойындағы жанармай құю станцияларының бірінің жанында такси қызметін көрсеткен Hyundai Elantra автокөлігі жүргізушісінің жәбірленушіге дене жарақатын салғанын алдын ала анықтады, – делінген полиция хабарламасында.

Жанжал салдарынан жолаушының табаны сынып, ол облыстық ауруханаға жүгінген.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері күдіктіні анықтады. Оның бұл іске қатысының бар-жоғы тексеріліп, тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр, – делінген хабарламада.

Полиция басқармасы осы фактіге қатысты ҚР ҚК-нің 107-бабы 1-бөлігі («Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру») бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама