×

Індет өршіген Ақмола облысынан ет-сүт өнімдерін шығаруға тыйым салынды

536 келі ет өртеніп, жойылды

 Еркеғали Болатұлы 03.09.2023 | 09:30
фото: world-nan.kz

Ақмола облысында сібір жарасы өршіп барады. Қазір өңірдегі барлық ауыл шаруашылығы өнімдерін шығару шектелген. Бұл туралы 716.kz хабарлады.

Денсаулық сақтау министрлігі тұрғындар арасында сібір жарасының 12 жағдайын растағаннан кейін ауқымды зерттеу жүргізді. Нәтижесінде Ақмола облысынан өнім шығаруға тыйым салу туралы шешім қабылданды.

Барлық тексерілген ошақтарда қорытынды дезинфекция жүргізілді. Ауыл шаруашылығы өнімдерін әкетуге шектеу шаралары енгізілді. 536 келі ет өртеніп, жойылды. Ет өңірден тыс жерлерге шығарылмаған. Инфекция ошағын жою бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Сібір жарасы ошағын оқшаулау бойынша эпидемияға және эпизоотияға қарсы іс-шаралар жалғасуда», - делінген ведомство хабарламасында.

Айта кетсек, 1 қыркүйекте Ақмола облысының Жарқайың ауданына қарасты Үшқарасу ауылында бірден 12 адамның сібір жарасын жұқтырғаны белгілі болған еді. Олар инфекция бөліміне жатқызылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама