×

Атырауда құны 67 млн теңге заңсыз темекі өнімдері анықталды

Бүгінде салықтық тақырыптық тексеру актісі жасалды

 Динара Амантай 02.09.2023 | 10:23
Коллаж: Halyq Uni

Атырауда құны 67 млн теңге заңсыз темекі өнімдері анықталды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің рейдтік іс-шаралары барысында 67 млн 178 мың 454 теңгенің 96 мың 69 қорап заңсыз темекі өнімдері анықталды, – делінген ведомство хабарламасында.

Кәсіпорын өз қызметін мемлекеттік кірістер органдарында темекі өнімдерін көтерме сатушы ретінде тіркеусіз жүзеге асырған. Бүгінде салықтық тақырыптық тексеру актісі жасалды. Қорытындысы бойынша тексеру материалдары процестік шешім қабылдау үшін сотқа берілетін болады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама