×

Астанада тұруға шектеу қойылмайды – Тамара Дүйсенова

Шектеу тек адам тұруға арналмаған ғимаратты жалға бергендерге қатысты болады

 Дәурен Ерболат 29.08.2023 | 18:00
фото: Pixabay / Бахыт Қаныбек

Елордада адамдардың тұруына шектеу қойылмайды. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова айтты, деп хабарлады Halyq Unі тілшісі.

Шектеуге тоқталайын. Астанада тұруға, келіп-кетуге шектеу жоқ. Конституцияға сәйкес бүгінге дейін елордаға келу мен кетуге ешқандай шектеу болмаған. Мұндағы шектеу тек адам тұруға арналмаған ғимаратты жалға бергендерге қатысты болады. Мысалы, гараж. Оны жалға алып тұрғандар бар. Оған (адам) тіркеуге алынбайды. Осы нысанды жалға берген адамның жауапкершілігін күшейту, яғни айыппұл мөлшерін 15 АЕК-тен 30 АЕК-ке (51 750 теңгеден 103 500 теңгеге, 1 АЕК – 3450 теңге) дейін көтеру туралы ұсыныс жасалды. Бүгінде мәселені жұмыс тобы қарап жатыр - деді Тамара Дүйсенова бүгін министрлікте өткен баспасөз мәслихатында.

Сөз соңында министр Астанада тұрып, жұмыс істегісі келетіндердің тұрғылықты мекенжайы болуы керектігін де атап өтті.

Еске сала кетсек, бұған дейін Үкімет басшысының орынбасары Астанаға көшіп келушілердің санына шектеу қойылатынына қатысты түсінік берген еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама