×

Маңғыстау облысында 3 677 бала үш ауысымды мектепте оқиды

Облыста 2025 жылға дейін 21 мектеп салынады деп жоспарланған

 Айгерім Таубай 29.11.2023 | 17:04
Фото: Halyq Uni

Маңғыстау облысында жаңа оқу жылында 15 мектеп үш ауысымда жұмыс істейді. Бұл туралы облыстың білім басқармасы Halyq Uni ресми сауалына берген жауабында мәлімдеді.

Маңғыстау облысында балалар санының көбеюі кейінгі жылдары Қазақстан бойынша ең жоғары көрсеткішке жетті. Үш ауысымды білім беру жағдайы өңірдің өзекті мәселелерінің бірі. Облыста үш ауысымда оқытатын 15 мектеп бар, - делінген ресми ақпаратта.

Ол мектептердің бір бөлігі Ақтау қаласында орналасқан.

Үш ауысымды мектептер:

  • Ақтау қаласының №12, 20, 23, 19, 25 мектептері;
  • Жаңаөзен қаласының №18 мектебі;
  • Бейнеу ауданының Абай мектебі;
  • Маңғыстау ауданының А.Меңдалыұлы атындағы мектебі;
  • Мұнайлы ауданының №6, 8, 9, 12, 15 мектептері;
  • Түпқараған ауданының М.Әбдіхалықов, Ғ. Айдаров ат.№1 мектеп-лицейі.

Үшінші ауысымда 3 677 оқушы оқиды, 24 мектепте 9 056 балаға орын қажет.

Қазір 4 800 орынға лайықталған төрт мектептің құрылысы жүргізіліп жатыр. Олар Ақтау қаласы 18 ш/а, 19 А ш/а, Мұнайлы ауданында Басқұдық ауылдық округінің Алау тұрғын алабында, Қызылтөбе ауылдық округінің Қызылтөбе-2 тұрғын алабында орналасқан.

«Ауыл ел бесігі» бағдарламасы бойынша 625 орынға лайықталған 3 мектепте қосымша құрылыс жүргізіліп жатын.

Маңғыстау облысында да «Жайлы мектеп» бағдарламасы бойынша мектептер салынып жатыр. Бұл жоба бойынша 22 900 балаға арналған 21 мектеп салынады. 2024 жылы 13 мектептің құрылысы аяқталады, ал 2025 жылға дейін тағы 8 мектеп ашылады деп жоспарланған.

Айта кетейік, 2023-2024 оқу жылында облыста 18 мектеп үш ауысымда жұмыс істеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама