×

Көкшетауда сарбаздар жаппай инфекция жұқтырды: ДСМ түсінік берді

Олардың басым бөлігі ауруханада жатыр

 Дәурен Ерболат 29.08.2023 | 12:12
фото: Halyq Uni

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Көкшетаудағы сарбаздардың инфекция жұқтыруына қатысты түсінік берді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Бүгінде Ақмола облысының әскери бөлімшесінде 45 сарбаздың инфекциялық ауру жұқтырғаны тіркелді. Олар инфекциялық стационарға орналастырылды. Қазір 41 науқас ауруханада жатыр. Бір науқас жансақтау бөліміне түсті. Алайда бүгін оның жағдайы жақсарды. Олардан менингококк инфекциясы мен энтровирус инфекциясы анықталды. Маусымдық инфекция жүріп жатыр,- деді Ажар Ғиният Үкімет отырысынан соң.

Енді сарбаздармен байланыста болған адамдар да тексерілетін болады.

Симптомдары бар науқастар оқшауланды. Жаңа адамдар оларға жіберілмейді. Барлығы бақылауда, - деді министр.

Еске сала кетсек, бұған дейі Көкшетауда 44 сарбаздың ауруханаға жедел жеткізілгені хабарланған еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама