×

Елорда орталығында бейтаныс әйел ауладағы екі бойжеткенді ұрып кеткен

Ол жәбірленушінің бірінің қабағын жарып жіберген

 Еркеғали Болатұлы 29.08.2023 | 10:10
фото: Halyq Uni

Астанадағы аулалардың бірінде белгісіз әйел екі бойжеткенді ұрып кеткен.

Қыздардың бірінің айтуынша, оқиға тамыздың 26-сынан 27-сіне қараған түні Бейбітшілік көшесінде болған. Жәбірленуші өзін бейтаныс әйел басы-көзінен төпелеп, қабағын жарып жібергенін жеткізді.

Ал Астана қаласының полиция департаменті аталған жағдай бойынша Сарыарқа аудандық полиция басқармасында Қылмыстық кодекстің 293-бабы 2-бөлігі («Бұзақылық») бойынша тергеу басталғанын мәлімдеді.

Қазір тексеріс жүргізіліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама