×

Ақтөбеде жол апатынан шетелдік қаза тапты

Алдын ала болжам бойынша, MAN-TGX жүргізушісі көлік құралын шаршаңқы күйде басқарған

 Динара Амантай 28.08.2023 | 13:29
Фото: egemen.kz

Ақтөбеде жол апатынан шетелдік қаза тапты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерелерінің мәліметінше, 26 тамызда сағат 14:00-де MAN-TGX жүк көлігін жүргізіп келе жатқан Өзбекстан Республикасының 24 жастағы азаматы Самара – Шымкент автожолының Қызылорда облысы шекарасына жақын жерінде, жолдың қарсы қозғалысқа арналған жағына шығып, Ресей Федерациясының 51 жастағы азаматының басқаруындағы Lada Largus автокөлігімен соқтығысқан.

Салдарынан Lada жүргізушісі алған жарақаттарынан оқиға орнында қаза тапты. Оның кәмелетке толмаған жолаушысы түрлі жарақаттармен Ырғыз ауданының орталық ауруханасына жатқызылды.

Осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Алдын ала болжам бойынша, MAN-TGX жүргізушісі көлік құралын шаршаңқы күйде басқарған, – делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама