×

Жетісу облысында жол апатынан 2 адам қаза тапты

Жүргізуші көлік тізгіненде қалғып кеткен

 Динара Амантай 26.08.2023 | 13:44
Фото: ашық дереккөз

Жетісу облысы маңындағы тас жолда жол апатынан 2 адам қаза тапты6 деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, жол апаты Көксу ауданында болған. 41 жастағы ер адам басқарған Volkswagen Passat шетелдік көлігі Алматы – Өскемен тасжолының 203 шақырымында жол бойындағы темір қоршауға соғылды.

Оқиға орнында жүргізуші мен оның 39 жастағы жолаушысы қаза тапты. Тағы үш жолаушы жақын маңдағы ауруханаға жеткізіліп, медициналық тексеруден кейін амбулаториялық емделуге жіберілді, – делінген хабарламада.

Жол-көлік оқиғасы, болжам бойынша, жүргізушінің шаршап, көлік тізгіненде қалғып кетуіне байланысты болған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама