×

Ресей азаматтары Петропавл мен Алматы тұрғындарын сектаға тартқан

42 жастағы ер адам мен 60 жастағы әйел бұған дейін де ұсталған

 Еркеғали Болатұлы 25.08.2023 | 15:45
фото: polisia.kz

Солтүстік Қазақстан облыстық ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері алматылық әріптестерімен бірге Қазақстанда тыйым салынған діни-тоталитарлық сектаға адамдарды тартқан Ресей Федерациясының екі азаматын ұстады.

42 жастағы ер адам мен 60 жастағы әйел бұған дейін де ұсталған. 2022 жылдан бастап олар Петропавлға бірнеше рет келіп, адамдарды сектаға тартқан.

Сот оларды 50 АЕК, яғни 172 500 теңге көлемінде айыппұл төлеуге және Қазақстаннан кетуге міндеттеді. Алайда сектанттар Петропавлдан кетіп, Ресейге оралудың орнына, Алматыға барған.

Келесі күні Петропавл мамандандырылған әкімшілік сотының шешімімен құқық бұзушылар әкімшілік жазаға тартылды. Оларға 100 АЕК (345 мың теңге) айыппұл салынып, 5 жыл елге кіруге тыйым салынды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама