×

Мектепте ер мұғалім мен әйел мұғалім бірдей сабақ беруі керек - психолог

Маманның айтуынша, әкесіз өскен баланың тәрбиесіне ер мұғалім үлес қоса алады

 Бауыржан Мұқанов 25.08.2023 | 11:57

Қазір елімізде толық емес отбасы көп, әкесі қайтыс болған, ата-аналары ажырасқан балалардың тәрбиесіне ер мұғалім үлкен үлесін қосады, деді психолог Серікгүл Сәли Halyq Uni ютуб арнасындағы подкастта.

Серікгүл Сәлидің айтуынша, ер мен әйел мұғалімнің айырмашылығы жоқ, екеуі де бірдей деген қате пікір.

Ер мұғалім сынып жетекшісі болған сынып пен әйел мұғалім сынып жетекшісі болған сыныпта айырмашылық бар. Ер азаматтардың психикасы беруге бейім. Олар ұсақ-түйек нәрсеге назар аудара бермейді. Ер азаматтар өздерінің бойындағы білім мен мінез балаларнға оңай сіңеді. Ер азаматтар саба бергенде балалардыңы жан дүниесінде тыныштық орнайды, ал әйел адамдар сабақ бергенде балалар барынша мұқият болуды, әр нәрсеге мән беруді үйренеді. Сондықтан балаларға ер мен әйел мұғалімнің тәрбиесі бірдей берілуі керек, - дейді психолог.

Психологтың айтуынша, қазір әлеуметте өз орнын таба алмай жүрген жастардың дені кезінде әкесімен дұрыс қарым-қатынасты сезінбеген балалар.

Астана қаласындағы Бауыржан Момышұлы атындағы № 53 мектеп-лицейінің тарих пәні мұғалімі Ербол Алиев те әкесіз өскен балалардың тәрбиесіне мектептегі ер мұғалімдері үлес қоса алатынын айтады. 

Жеке тәжірибемде әкесіз өсіп келе жатқан оқушыға сынып жетекші болғаным бар. Ондай балалармен бірнеше есе артық жұмыс істеуіме тура келді. Әкесіз өскен балалардың ер азамат ретінде қалыптасуында кінәраттар болады, - дейді ұстаз.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама