×

Елімізде ЖОО бітіргендердің көбі таксист, курьер болып жүр - министр

Жалдамалы жұмысшылар арасында жасы 40-тан асқан адамдардың басым екені айтылды

 Еркеғали Болатұлы 25.08.2023 | 10:43
фото: Halyq Uni

Қазақстандық ЖОО-ның әрбір бесінші түлегі еңбек нарығында сұранысқа ие емес. Мұны Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова ректорлар мен оқытушылардың қатысуымен өткен форумда айтты.

Тамара Дүйсенова өткен жылы жоғары оқу орнын бітірген 30 мыңнан астам адамның жұмысқа орналаспағанын алға тартты. Ол жастар мамандық бойынша жұмыс істеуге дайын емес деп отыр. Оның орнына курьер немесе такси жүргізушісі болуды таңдайды екен.

Қазір такси, тамақ жеткізу қызметтері сияқты платформалық жұмыс кеңейіп жатыр. Соңғы 4 жыл ішінде жоғары білімі бар жұмысшылардың үлесі 33%-ға дейін өсті, – деді премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова.

Сондай-ақ ол жалдамалы жұмысшылар арасында жасы 40-тан асқан адамдардың басым екендігіне назар аударды. Экономикаға жас білікті мамандар қажет. Мұның себебі – білім сапасы, жалақы мөлшері және еңбек жағдайлары. Бірақ осы факторларға қарамастан, диплом алғысы келетіндер жыл сайын артып келеді.

«2025 жылға қарай 800 мың студент болады деп болжанған. Бұл аудиторлық қор және жатақхана орындарының тапшылығына әкеп соғады. 2026 жылға қарай 100 мың орын болады деп болжанып отыр», – деп мәлімдеді Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама