×

Жастарды әскерге тіркеу электронды форматқа ауысады

Бұл шешім әскери комиссариаттардың алдындағы ұзын-сонар кезек пен қағазбастылықтан арылтады

 Еркеғали Болатұлы 24.08.2023 | 11:30
фото: ашық дереккөз

Елімізде әскерге тіркеу электронды түрде жүргізіледі. Бұл туралы Қорғаныс министрінің орынбасары Дархан Ахмедиев мәлімдеді.

Жоба 2024 жылдан бастап egov.kz және еGov мобильді қосымшасы арқылы жұмыс істейді. Яғни, 17 жасқа толған азаматтың құжаттары, денсаулығы туралы мәліметтер Қарулы күштердің электронды базасына енгізіледі.

Бұл шешім әскери комиссариаттардың алдындағы ұзын-сонар кезек пен қағазбастылықтан арылу мақсатында қабылданып отыр.

Азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеу процесі автоматты түрде жасалатын болады. Негізі тіркеу процестері қаңтардың басынан наурыздың аяғына дейін жүргізіледі. Бұл жұмыстың арқасында біз мемлекет үшін 1 миллиард теңгеден астам қаржыны және азаматтардың уақытын, колледж және мектеп, әкімдіктің уақытын үнемдеп отырмыз, - деді Дархан Ахмедиев.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама