×

Шымкентте жүкті әйел скутермен автокөлікке соқтығысты

Жедел жәрдем зардап шегушіні оқиға орнынан алып кетті

 Еркеғали Болатұлы 23.08.2023 | 16:47
фото: видеодан скриншот

Шымкентте скутер мінген жүкті әйел апатқа ұшырады.

Атап айтқанда, 22 тамызда түнде Төреқұлова мен Елшібек батыр көшелерінің қиылысында Daewoo Nexia мен скутер соқтығысқан.

Скутерді жүкті әйел жүргізген. Жедел жәрдем зардап шегушіні оқиға орнынан алып кетті. Nexia жүргізушісі ауруханаға жатқызудан бас тартты, - делінген хабарламада.

Қазір осы жол-көлік оқиғасы бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама